ӨНДІРІС ӨРКЕНДЕСЕ – АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ!
ӨНДІРІС ӨРКЕНДЕСЕ – АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ!
Ауылдың дамуы – ең алдымен, еңбек адамдарының еңбегімен, кәсіпкерлердің бастамасымен және өндіріске салынған инвестициямен өлшенеді. Өйткені әрбір жаңа жоба – жаңа мүмкіндік, жаңа жұмыс орны және ауыл тұрғындарының жарқын болашағына жасалған нақты қадам.
Целиноград ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өз үлесін қосып келе жатқан кәсіпорындардың бірі – Тимур Пшенов басқаратын «Ен Дала» ЖШС.
Бүгінде шаруашылық өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағыт алған. Кәсіпорынның алдағы маңызды жоспарларының бірі – жаңа зауыт құрылысын қолға алу. Бұл жоба өндірістік қуатты арттырып қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңдеу саласын дамытуға және аудан экономикасына тың серпін беруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның тұрақты дамуына мемлекеттік қолдау шаралары да өз ықпалын тигізуде. Сонымен қатар шаруашылық басшылығы үшін өндіріс көлемін арттырумен қатар, еңбек адамдарына қамқорлық жасау да маңызды. Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, қолайлы еңбек ортасын қалыптастыру – жауапты кәсіпкерліктің басты көрсеткіштерінің бірі.
Себебі ауылдың байлығы – оның жері мен өндірісінде ғана емес, сол жерде еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосып жүрген адамдарында.
Осындай іскерлік бастамалар мен инвестициялық жобалар ауылдың экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады.
Өндірісі дамыған ауыл – мүмкіндігі мол ауыл. Ал ауылдың өркендеуі – ауданның, тұтас елдің өркендеуі!
